Процесті неғұрлым ыңғайлы ету үшін заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш ХҚО-да қабылданатын болады. Бұрын құжаттарды тапсыру үшін олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бэк-офистерінің кеңсесіне жүгінген болатын, ал енді өтінішті қаланың ХҚО-ларында тапсыруға болады. Осы жаңашылдықтың арқасында клиенттің қызмет көрсетушімен тікелей байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кеседі. ХҚО-ларда заңды тұлғалар үшін хабарлама сипатындағы […]