Шымкентте адал бәсекелестік дұрыс жолға қойылмаған, салдарынан кәсіпкерлер зардап шегіп отыр. Бұл мәселе әсіресе жанар-жағармай бизнесінде қатты байқалады. Қалада кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда жанар-майдың тасымалдануы, дизель жеткіліксіздігінің басты себептері талқыланды. Шымкентте жанар-жағармай сатумен айналысатын кәсіпкерлерге дизель отынын бөліп-жеткізу жұмысында алалау фактілері анықталған. Себебі […]