Шымкентте жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқын алған. Шаһар аумағындағы 400 шақырымнан аса магистралды құбырлар сығымдаудан өтіп, тозығы жеткен 18 шақырымдағы жылу құбырлары жаңаланбақ. Жалпы, бүгінгі күнге мамандар 2022-2023 жылға арналған жылу маусымына дайындық межесін 65 пайызға жеткізіп, қыркүйектің соңында толық аяқтауды жоспарлап отыр. Шаардағы Тоқаев пен Тұрысов көшелерінің қиылысындағы жылу жүйесі жаңалануда. Жоспар бойынша әбден […]