«Энергопоток» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент қ. мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету туралы өтінішін жолдады. Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. Жалпы облыс бойынша 32 000-дан астам абонентке (заңды және жеке кәсіпкерлер) тариф төмендетіледі. […]