Шымкентте 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей жалтарып жүр. Салдарынан шаһар қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылып отыр. Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды.Жалпы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дерегі бойынша базада 300 мыңдай автокөлік тіркелген.