«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен жасыл ел еңбекші жастары қатысты. Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғанын қынжыла жеткізген тұрғындар бүгінгі іс-шараға қатысушыларға […]