Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын жасырған 41 жастағы азаматшаны құрықтады. Қарау барысында оның тұрғылықты мекенжайынан полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екендігі нақтыланып, жалпы салмағы 101 […]