Әлеуметтік желілерде анасының өз баласына қатыгездік жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Аталған жайт бойынша Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Бейнежазбада көрсетілген азаматша анықталып, одан түсініктеме алынды. Полиция қызметкерлері және Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары азаматшамен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда орын алған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.