Шымкент прокурорлары әлеуметтік баспана алудың қылмыстық схемасын әшкереледі. Күдіктілер 33 қала тұрғынына мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы жалған анықтама беріп, баспана кезегіне қойған. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Бірінші схема бойынша адамдар мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастырылған. Екінші схема – тұрғылықты мекенжайды заңсыз тіркеу фактілері. Тұрғын үй қатынастары туралы заңда тұрғын үй кезегінде тұрғандар республикалық […]