Шымкентте жылу маусымына дайындық пен ирригация жүйелерін қою қарқынды жүріп жатыр. Мұны қала көшелерінің бойын қазып, ішкі орамда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанынан, бұзылған тротуарлардан байқауға болады. Күн ашықта шаңға, жаңбыр жауса батпаққа батып, күнделікті әбігерден әбден шаршаған тұрғындар өкіметте «қыстың қамын күзде емес, жазда ойлайтын адам бар ма» деп ашынады. — «Нұрсәт» шағынауданындағы жолда жүргізіліп жатқан […]