Шымкентте сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар саны артып келеді. Олардың жұмысы да қарқынды. Бүгін Ауылшаруашылығы министрлігі өкілдері іссапармен келіп, кәсіпкерлердің жұмыс барысын бақылады. Шымкенттегі қатты ірімшік шығарумен айналысатын кәсіпорын 2023 жылдан бері жұмыс істейді. 20-дан астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын күніне 40 тоннаға жуық сүт қабылдайды. Елдің барлық аймағына жолдайтын өнімді енді экспортқа шығару жоспарда […]