Шымкентте «Жастар» бағдарламасымен сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру бойынша 800-ден астам азаматтың өтінімі мақұлданды. Өтінім беру 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында өткен болатын. Нәтижесінде 888 жұмысшы жастың құжаттары бағдарламаның талаптарына сәйкес келіп, енді жалдау шарты жасалады. Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, конкурс нәтижесі өтінім иелерінің ұялы телефонына 1414-тен смс арқылы хабарлама жолданған. […]