2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылданады. Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағыттары бойынша тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай көмегі. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ […]