Биыл Шымкент қаласында 428 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Бір жарым миллионға жуық қаржы иесі атанғандар көбінесе тігін цехын, кондитерлік, әсемдік салондарын ашқан. Дегенмен, грант иелерінің арасында ақшаны мақсатсыз жұмсағандар да бар. 2024 жылы мониторинг жұмысы нәтижесінде 36 адамның қаржыны басқа мақсатта пайдаланғаны анықталған. Динара Мэлсқызы құс шаруашылығымен айналысады. Шетелдерден асыл тұқымды тауықтар әкеліп, тұқымын […]