Шымкентте заңсыз балық аулаудың 2 жайты анықталды. “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шара барысында Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері жақын маңдағы өзен, көл, тоғайларға рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде Бадам су қоймасында заңсыз балық аулаудың 2 жайты анықталды. Аталған жағдай бойынша азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Айта кетейік, іс-шара қала аумағында 30-мамырға дейін жалғасады. Шымкент қаласы […]