Шырайлы шаһардың әсем жерлерін аралау мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасынан Шымкентке бірінші рет келген 20 жасар жігіт мегаполис полицейлерінің көмегіне жүгінді. Қаладағы тамақтану орындары мен әсем жерлер туралы тұрғандардан түрлі бағыт-бағдар алып, әбден шатасқан турист «Арбат» демалыс аймағындағы полиция бөлімшесіне келді. Онда, туристік полиция қызметкерлері қонаққа өзбек тілінде қызмет көрсетіп, мегаполистегі тамақтану орындары, сауда үйлері мен […]