Шымкентке Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттары, Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері келді. Іссапардың басты мақсаты – халыққа ел үшін маңызы зор референдумның мәнін түсіндіріп, қатысуға шақыру. 5 маусым күні болатын жалпыхалықтық референдумда 98 баптың 33-не өзгеріс енгізіледі. Халық қалаулылары бұл – ел үшін елеулі оқиға екенін айтады. Үшінші мегаполиске ҚР Мәжілісінің депутаттары, референдумды қолдау жөніндегі […]