Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 1 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық салада өсім бар. Атап айтқанда қаңтар айында 70.3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8.2 пайызға жоғары. Мегаполисте биыл жаңа 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол үшін кәсіпкерлер тарапынан 9 миллиард теңге инвестиция салынбақ. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6.9 пайызға ұлғайып, меже […]