Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат ұсталды. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі. Қылмыстық ниетті іске асыру үшін 3 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 1,1 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеген. Қылмыстық іс сотта қаралуда.