«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалы ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесін енгізе отырып, теориялық емтихан тапсыру қиындай түскенін атап өтті. Осылайша ағымдағы жылдың қазан айынан бері 40-қа жуық тест нәтижесі жойылған. Аталған жүйе емтихан тапсырушының емтихан кезіндегі іс-қимылын және тестілеу үдерісінің аудио және бейне жазбаларын жасауға мүмкіндік берді. Емтихан тапсыру кезінде клиент биометриялық деректер бойынша сәйкестендіріледі. […]