Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. Сәбилердің үшеуі де ұлдар. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640 гр, үшіншісінің салмағы – 1610 грамм. Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде […]