Шымкентте 3 балабақша санитарлық норма талаптарын бұзған. Мекемелерде балаларға арналған ойыншықтардың таза болмауы, мұздатқыштағы ауа температурасын бақылайтын құралдың тек құжат жүзінде болуы, жиһаздардың тұтастығы бұзылуы секілді нормалар орындалмаған. Оның қатарында балаларға сатып алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы құжаттар ұсынылмағандығы тағы бар. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша 658 545 теңгеге 5 айыппұл салынған. […]