Шымкентте шалғай елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Тоғыс, Елтай және Маятас тұрғыналаптарында 2 базалық станция орнатылып, іске қосылды. Нәтижесінде 14 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді. Цифрландыру басқарманың жоспары бойынша 2023 жылы жоғарыда аталған елдімекендерде талшықты оптика желісі де жүргізіледі. Гүлдана Дәурен