Шымкент қаласының әкімі “Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады. Үкімет отырысында мегаполис басшысы сәбилердің өмірін сақтап қалу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты. […]