Шымкентте бүгінге дейін 38 азамат мемлекет қаржысын, яғни қайтарымсыз грантты мақсатсыз пайдаланған. Қазір бөлінген қаржыны бюджетке қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы үшінші мегаполисте жылына шамамен 40-қа жуық қайтарымсыз грант бөлінеді. Ал биылғы конкурс мамыр айында жарияланады деп жоспарланып отыр. 5 млн. теңгеге дейін берілетін мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға ниет білдіргендер саны жыл сайын артып келеді. […]