Шымкентте 591 азаматтың тұрғын үй ақысын субсидиялауға өтініші қабылданды. Оның 380-і Отбасы банкпен келісім шарт түзіп үлгерді. Оларға мемлекет тарапынан тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызы аударылды. Бұл жеңілдікке пәтер кезегіндегі 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар немесе балалар, оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылғандар, көп балалы отбасы ие бола алады. […]