Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді. Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды. Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) […]