Соңғы уақытта мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер мен бағдарламаларды өзінің бас пайдасы үшін қолданып, халықты алдаушылар баршылық. Арасында қылмыстың өтеуі жаза екендігін білсе де, азғындық жасайтындар да кездеседі. Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен осындай оңай жолмен пайдаға кенелгендер құрықталды. Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізеді. […]