Ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Адам саудасының алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған маңызы зор шараға Шымкент ҚПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қызметкерлер қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын -сауық орталықтарына, сауналар мен қожалық фермаларға тексеру […]