Шымкентте қала күніне орай 5 шақырымдық жаппай жүгіру іс-шарасы өтті. Марафонға шамамен 500-ден аса мегаполис тұрғыны қатысты. Жалпы, қалалық спорт басқармасындағылардың айтуынша, жалпықалалық бұқаралық жүгіру толығымен демеушілер есебінен ұйымдастырылған. Таңмен таласа оянып жүгіруге келген қарапайым жұрттың арасында әлем чемпиондары да бар. Спортшылар қала күніне орай ұйымдастырылған жаппай жүгіруде тұрғындарға қолдау білдіруге келіпті. Біржан Жақыпов, ҚР […]