Шымкентте әлеуметтік қызметкерлер 500-ден астам зейнеткерге үйлеріне барып қызмет көрсетуде. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушы қариялардың қала аумағында ұл-қыздары жоқ немесе балалары еңбекке жарамсыз. Сала мамандары қызмет алушыларға аптасына екі рет барып азық-түлік пен дәрі-дәрмектерін жеткізеді, әлеуметтік-психологиялық, медициналық және тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетеді. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары […]