Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 7 кәсіпорынның жұмысы соттың шешімімен тоқтатылды. «Ордабасы» және «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан өндіріс орындарының кемшіліктері сол маңға жақын қоныстанған тұрғындардың шағымынан соң анықталды. Енді олар өндірістік технологиясын жетілдіргенге дейін іске қосылмайды. Жалпы өткен жылы шаһардағы кәсіпорындарда экологиялық талаптарды бұзудың 161 дерегі тіркелген. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды […]