2022 жылы Шымкентте 7 шақырымға жуық су және кәріз жүйесі жаңартылған. Ал жоспарланған жұмыс 103 пайызға орындалған. Ескірген су құбырын ауыстыру нәтижесінде нормативтік-техникалық шығын 0,18 пайыз төмендеп, құбырлардың тозу деңгейі 0,5 пайызға азайған. Сондай-ақ, биыл 7 млн. теңгеге жуық қаржы кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалған. Құрсай шағынауданы 2023 жылы ауызсумен толық қамтылады. Осылай деген су құбырлары […]