Шымкент қаласы лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істердің тіркелуі бойынша антирейтингте көш бастап тұр. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне ең көп шағым білім беру саласына қатысты түскен. Мамандар зерделеу жұмысының үздіксіз жүргізіліп жатқанын айтады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықты хабарлаған тұрғындарға сыйақы беріледі. Шымкент кейінгі бес жылдықта лауазымды тұлғалардың қылмыстық істері бойынша көш бастап тұр. […]