Шымкентте 51 жылдан бері кран айдайтын зейнеткер әжей тұрады. Шәрбан Тайшикованың жасы 70-тен асса да сүйікті ісінен қол үзгісі келмейді. Бала кезінен мұғалім болуды армандаған оның бұл салаға келуі кездейсоқ болған. Шәрбан апа 1970 жылы орта мектепті бітіріп, құжат тапсыру үшін училищеге барған. Сол сәтті күліп еске алған ол күтпеген жағдай болғанын айтады. Биіктен қорқатын, […]