Қазақстан полициясы күніне орай қаланың үш мектебінде кадет сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлер Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді. №89, 90 және 135 мектептердің 75 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айдын Каримов пен полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан […]