Шымкентте мектептердегі ас мәзірі талапқа сай келмеген. Осылайша 80 мыңнан астам оқушының құқығы бұзылған. Мұндай деректі прокуратура анықтады. Ведомство мәліметінше, Еңбекші ауданының прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде қалалық білім басқармасына ас мәзірді заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы ұсыну енгізген. «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңының 32-бабына сәйкес прокурорлық қадағалау актілері мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қарауы және […]