Шымкентте Жастар бағдарламасымен 888 азаматқа арендалық баспана берілді. Биылдан бастап жалдамалы негіздегі үй 3 жылға беріледі. Оны 35 жасқа толмаған азаматтар ала алады. 1 бөлмеден 3 бөлмеге дейін ұсынылған үйлерді алу үшін құжаттар қараша айында қабылданды. Ұлжалғас Ералханова бүгін баспанасының кілтін қолына алып, өз үйіне алғаш рет кірді. 32 жастағы әйел арендалық баспананың иесі атанды. […]