Шымкентте жарты жылда 91 әйел арнайы көмек көрсету орталықтарына орналастырылған. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен, яғни отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгеннен бастап бүгінгі күнге дейін қала бойынша полицияның 102 арнасына отбасылық жанжал туралы 3304 шақырту түскен. 2485 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданған. […]