Шымкентте Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында қызық оқиғалар орын алып жатыр. Оны сыбайлас жемқорлықпен күресшілер сыртқы тәуекелдерге талдау жасағанда анықтады. Мәселен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрақтандыру қорына 8 рет жалпы сомасы 650 миллион теңгеге ұн сатып алған. Ал антикор анықтаған жайтта сатып алынған ұн келесі күні дәл сол кәсіпкерге қайта сатылған. Бірақ, бір таңғаларлығы ұн сатып алған бағадан әлдеқайда арзан. [hellip;]