Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасына лапароскопиялық әдіспен операция жасады. Тіліксіз ота кезінде дәрігерлер 17 жастағы науқастың бүйрегінің жоғарғы полюсынан шамамен 6 см кистозды массаны алды. Бұған дейін анамнезде балаға бауырдағы эхинококк кистасына операция жасалған екен. Науқас осы отадан кейін диспансерлік бақылауға алынып, жылына 2 рет жоспарлы тексеруден өтіп тұрған. […]