Шымкентте күздің алғашқы айында алма ағашы гүлдеді. Табиғаттың тылсым мінезіне куә болған тұрғындар бұл құбылысқа таңдай қағуда. Дегенмен, алма ағашының екінші рет бүр жаруын жақсылыққа балап отырмыз дейді олар. Ақниет шағынауданының тұрғындары бұл ағашты 8 жыл бұрын еккен екен. Ал күннің салқындығына қарамастан күзде гүлдеген алма ағашынан иелері жазда бір рет өнім жинап та алыпты. […]