Шымкенттік дәрігер, медицина саласының майталманы Гүлбану Сыздықбекова 35 жыл бойы ана мен бала өмірін сақтап қалуға зор үлес қосып келеді. Оның қажырлы еңбегінің арқасында қаладағы ана мен бала өлімі соңғы жылдары 3 есеге азайды. Гүлбану Жұмағалиқызының күнделікті жұмысы 12-14 сағатқа созылады. Ол науқастардың жағдайын мұқият бақылап, бірнеше операцияға қатысып, жас аналардың дұрыс босануына көмектеседі. Жылына […]