Шымкентте қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Жиында күн тәртібінде егде жастағы азаматтардың автобуста тегін қатынау мәселесі көтерілді. Әрі ем алу үшін берілетін жолдама мерзімін ұзарту қажет екені айтылды. Қазыналы қариялар көтерген проблеманы жергілікті билік өкілдері қалай қабылдады? Қандай шешім шығады? «Ардагерлер қоғамдық көлікте тегін қатынасын». Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі пленум отырысында осы мәселені көтерді. […]