Шымкентте ардагерлер ұйымының бастамасымен “Ардақтайық, аялайық ананы” байқауы өтті. Қалалық сайыста ақ жаулықты аналардың салт-дәстүрімізді қаншалықты дәріптеп жүргені сараланды. Ал жеңімпаз атанғандар алғыс хатпен марапатталып, арнайы төсбелгі табысталды. Үшінші мегаполисте “Ардақтайық, аялайық ананы” атты салт-дәстүр сайысы өтті. Жарыс жеңімпазы Жанат Нәлібекова Тұран ауданының үкілі үміті. Ол айтулы байқауда ене мен келін арасындағы нәзік байланысты көрсетіп, […]