Үшінші мегаполисте архив саласының өзекті мәселелеріне арналған республикалық конференция өтті. Ғылыми-тәжірибелік жиын «Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: мәселе және жобалар» тақырыбына арналды. Конференция архившілер күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш арнайы қатысып, жиынға қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Айта кетейік, конференцияға мәдениет […]