Автобус жүргізушілерінің жалақысы көтеріледі. Шымкентте «кондукторсыз жүйе» енгізілгеннен кейін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысы қиындады. Сондықтан, қалалық транспорт басқармасы наурыз айының жалақысын кемінде 50 пайыздан жоғары көтеруді жоспарлап отыр. Бұл шешім көлік компанияларымен бірге келісілген. Демек, бұған дейін айына шамамен 160-170 мың теңгеге қызмет көрсетіп келген жүргізушілер сәуір айында 240 мың теңгеден жоғары айлық алатын болады. […]