22 ақпан күні сағат 10:30 шамасында А. Байтұрсынов көшесінде автобус жас қызды қағып кетті. Белгілі болғандай, оқиға университеттің алдында болған. Жас қыз белгіленбеген жерден жолдың қарсы бетіне жүгіріп өтпек болған, сол кезде өз бағытымен келе жатқан автобус дер кезінде тоқтап үлгермеген. Қазіргі уақытта қыздың аман қалғаны, бірақ көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені хабарланды, дәрігерлердің бақылауында.