Ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап республика көлемінде «ҚАРАСОРА-2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның 1 ай қорытындысымен Шымкент қаласы бойынша полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымымен байланысты жалпы 61 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның 29-ы қылмыс және 32-і қылмыстық теріс қылық болып табылады. Соның ішінде, іс-шараның негізгі бағыты болып табылатын құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi […]