Шымкентте спирттік ішімдік ішіп, бір күнде 3 танысын пышақтап тастаған ер кісі сотталды. Оқиға кезінде пышақталған үш адамның екеуі көз жұмған. Үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 99-бабы 1-бөлігі (Қасақана адам өлтіру), 99-бабы 2-бөлігінің 5), 13) тармақтары (Аса қатыгездікпен бірнеше адам өлтіру) және 188-бабы […]